Кәсіпорын туралы -> Галерея

Галерея

«Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорыны күн сайын қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды жұмыстарды атқарады. Уақытқа және тапсырмалардың қиындылығына қарамай, кәсіпорын мамандары су құбырларын мен құдықтарын жөндейді, су коллекторларды тазалайды және судың үздіксіз берілуін қадағалайды.

Осы шаралар жиі шектеулі жағдайларда қолымен, арнайы техника мен жабдықтарды қолдана отырып жүргізіледі.

Айрықша атап өтуге болатын жайт — авариялық бригадалардың жұмысы. Олар ағып кету немесе бітелу орын алған жерге бірінші жетіп, жедел әрекет етеді.

Жақында, 2025 жылғы 1 шілдеде «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорнының мамандары Қызыл Яр ауылында, Новосёлова көшесі 11 мекенжайындағы су магистралді жаңа құбырға қосылу жұмыстарын жүргізді. Құдықта жүргізілген жұмыстар екі күннің ішінде сәтті аяқталды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласында С. Жүнісова көшесінде коллекторлық құдықтың бітелуінен туындаған су тасқыны тіркелді. Мамандар арнайы «Крот» жабдығын қолдана отырып, жүйенің тазалау жұмыстарын жүргізді. Бітелудің себебі — құдықтың су жүйесіне шүберектер мен тұрмыстық қалдықтардың түсуі.

Галереяда мамандарымыздың күнделікті, бірақ өте маңызды жұмыстары көрсетілген:

 

  • апат жағдайларды жою,
  • су сапасын бақылау,
  • канализация мен сорғылық станциялардың жұмысын қадағалап, күту,
  • қаланың әр бөлігінде судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты сужүйесін пайдалану ережелерін сақтау өте маңызды. Су беру мен тарту жүйесіне қоқыс, мата, майлықтар және басқа да бөгде заттарды тастауға болмайды. Бұл жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, қорқынышты апаттарға алып келуі мүмкін.